Тағайындау
1 мин оқу 770

Айбек Дәдебаев ҚР Президентінің Іс Басқарушысы болып тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақордаға сілтеме жасап.</p>

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада. 

Айбек Дәдебаев 1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. 

2001-2002 жылдары Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық туризм менеджменті кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеген.

2008-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының парламентаралық байланыс және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, Сенат төрағасының көмекшісі міндетін атқарушы болып еңбек еткен.

2011-2013 жылдар аралығында атташе, Женевада Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігінің үшінші хатшысы болған.

Одан кейін алты жыл Парламент Сенаты төрағасы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі лауазымдарын атқарған.

2019-2021 жылдар аралығында Президент Кеңсесі бастығының орынбасары болды.

2021 жылғы 28 мамырдан бастап 2022 жылғы 11 қаңтарға дейін Президент Іс Басқарушысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Бөлісу:
Айбек Дәдебаев ҚР Президентінің Іс Басқарушысы болып тағайындалды · Egemen Qazaqstan