National Geographic Qazaqstan мектептерде «Қызықты ғылым» жобасын жалғастыруда
<p style="text-align: justify;">Елімізде мектеп мұғалімдері мен оқушыларға арналған «Қызықты ғылым» жобасы Алматы қаласында жалғасуда. Аталған жобаның оңтүстік астанадағы орта мектептердің 7-8 сынып оқушыларына арналған бөлігі 28-29 қарашаға жоспарланған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Арнаулы семинар барысында 134 жылдық тарихы бар, география, жаратылыстану ғылымдарынан бастап, ғарышты игеруге дейінгі салаларда көпжылдық халықаралық ғылыми-зерттеулер мен фото-бейне деректердің бай қорын қалыптастырған National Geographic журналының ресурстарын тиімді қолдану әдістері таныстырылады.
Еске сала кетейік, бұл жоба – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Оқуға құштар мектеп» бастамасын қолдау аясында «Шеврон» мен «KAZMEDIA HOLDING» компаниялары бірлесе атқарып жатқан жұмыстың бір парасы.
