Спорт
1 мин оқу 234

Алан Құрманғалиев Португалияда чемпион атанды

<p style="text-align: justify;">Португалияның Вила-Нова-ди-Гая қаласында WTT Youth Star Contender-2022 халықаралық үстел теннисі турнирі аяқталды. Аталған жарыстың бас жүлдесін Қарағанды теннис мектебінің тәрбиеленушісі Алан Құрманғалиев жеңіп алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ҰОК баспасөз қызметі мәлім еткендей, Эльмира Әлиеваның шәкірті Португалияда өткен жарыста топ жарып, алтын медаль иеленді.

Чемпиондық атаққа жету жолында жас теннисші Израиль өкілі Натанель Абрамовты - 3:0,  Франция спортшысы Натан Артур Пилардты - 3:0, Тунистен келген Вассим Эссидті - 3:2, румыниялық Рарес Куесдинді  - 3:2 және австралиялық Адитя Саринаны - 3:2 есебімен жеңді.

Бөлісу:
Алан Құрманғалиев Португалияда чемпион атанды · Egemen Qazaqstan