Теміртауда радикалдық дінді насихаттаған азамат 7,5 жылға сотталды - ҰҚК
<p style="text-align: justify;">Теміртау қаласында радикалдық діни идеологияны насихаттаған азамат 7 жылға сотталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
2022 жылғы 21 қарашада терроризмді насихаттау фактісі бойынша Теміртау қаласының тұрғыны «Д.Ш.»-ға қатысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының айыптау үкімі заңды күшіне енді, деп жазылған ҰҚК Баспасөз қызметі.
Тергеу және сот оның жергілікті тұрғындар арасында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде радикалдық діни идеологияны таратқанын анықтаған.
Қылмыстық іс материалдарымен оның кінәсі толық дәлелденді. Азамат 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Айта кетейік, сотталушыда бұған дейін де ауыр қылмыс жасағаны үшін соттылығы болған.
