Қаржы
1 мин оқу 190

Қор биржасында доллар қымбаттады

<p style="text-align: justify;">KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 467,99 теңгені құрап, 2,57 теңгеге көтерілгенін хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы сәл өсіп, 64,84 теңгені құрады.

Еуро және Ресей рублі бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын - 483,58 теңгеге, рубль бағамын - 7,69 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды - 466-469 теңгеден, еуроны - 483-490,5 теңгеден, ресей рублін - 7,28-7,43 теңгеден сатып алады/сатады.

Бөлісу:
Қор биржасында доллар қымбаттады · Egemen Qazaqstan