Медицина
2 мин оқу 190

Көкжардағы модульді медпункт

<p style="text-align: justify;">Шалғай ауылда тұратын халық&shy;тың бір тілегі &ndash; медицина қызме&shy;тінің сапасын арттыру мәсе&shy;лесі. Жетісуда алыс елді мекендер же&shy;&shy;тер&shy;л&shy;ік. Соның бірі &ndash; Алакөл ау&shy;да&shy;&shy;нына қарасты Көкжар ауы&shy;лы. Осы күнге дейін аудан орта&shy;лы&shy;&shy;ғына сабылған жұрт&shy;тың тіле&shy;гі орындалды. Енді тұрғын&shy;дар ауыл&shy;дағы жаңа мо&shy;дульді мед&shy;пункт&shy;&shy;тен алғашқы көмекті ала алады.</p>

Көкжардағы модульді медпункт

Бұл – облыста биыл іске қосылған жетінші медпункт. Жалпы, өңірде жыл соңына дейін 12 блок-модульді медициналық кешен іске қосылады деп жоспарлануда. Ауыл тұрғындарының қуанышына ортақ­тасқан аудан әкімі Алмас Әбдинов, Жыланды ауылының ардагерлер кеңе­сінің мүшесі Мұратхан Мереев, еңбек ардагері Ілияс Қасымов көпші­лікке ізгі тілектерін білдірді. Ғи­ма­рат­­тың лентасы қиылған соң келу­шілер мекеменің ішін аралап көрді. Бұл медициналық пункт Көкжар ауылының 160 тұрғынына қызмет көрсетеді.

Жетісу облысы әкімдігінің мәліме­тіне сүйенсек, жобаның жалпы құны – 39 млн теңге. Ғимараттың аумағы – 108 шаршы метр. 12 тұрғынжайы бар. Атап айтсақ, вестибюль, дәліз, дәріханасы бар тіркеу орны, аку­шер­лік қабылдау бөлмесі, егу бөлмесі, про­це­дуралық кабинет, материалдар алу мен зерттеу бөлмесі, орта меди­ци­на­лық қызметкерлер бөлмесі, 2 дә­рет­хана бөлмесі, сол сияқты бас­қа да тұрмыстық-шаруашылық қажет­тіліктегі тұрғынжайлар орналас­қан. Ыс­­тық су, жылу жүйесі жүргізіл­ген, жел­­дет­кіш орнатылған. Құрылыс-мон­таж­­дау жұмыстарын «Qaz Damu Construction» ЖШС мердігер ұйымы атқарған.

Жалпы, жыл соңына дейін өңірде тағы 5 блок-модульді кешенді іске қосу жоспарланған. Ақсу, Алакөл, Ескелді, Көксу, Қаратал және Кербұлақ аудандарында жалпы құны 900 млн теңге болатын медициналық блоктармен толығады.

Мамандардың айтуынша, блок-модульді кешендер берік, қарапайым орнатылатын, ұзақ қызмет ететін құрылыс түрі. Сонымен бірге қолай­сыз ауа райына төтеп бере алады. Олардың қызмет ету мерзімі 30 жыл деп межеленеді.

Жетісу облысы

Бөлісу:
Көкжардағы модульді медпункт · Egemen Qazaqstan