Пікір
1 мин оқу 182

Заңсыз қаражат қайтарылады

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланған Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде халық алдында ант берді. Осылайша, Қазақстан өз дамуының жаңа дәуіріне қадам басты.</p>

Заңсыз қаражат қайтарылады

Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды бағдарламасының түйінді тұстарын атап өтіп, алдағы кезеңде еліміздің даму бағыттарын да көрсетті. Ауылды дамыту мемлекеттің жақын болашақтағы бірінші кезектегі міндеті ретінде көрсетуі бола­шаққа сенім ұялатады.

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл­ды дамыту туралы Жарлыққа қол қоятынын айтты. «Бүгінде халықтың 40 пайызға жуығы ауыл­дық жерлерде тұрады. «Ауыл – ел бесігі» деп халық бекер айтпаған. Сондықтан ауыл­дағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын. Осы мақсатта бүгін Үкіметке 5 жыл мерзімге ауылды дамыту тұ­жырымдамасын әзірлеуді тапсыратын Жарлыққа қол қоямын. Бұл менің жаңа президент­тік мерзім аясындағы бірінші Жарлығым болмақ», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Әділдік пен заңдылықтың бірлігі – негізгі моральдық бастама. Сондай-ақ Мемлекет басшысы барлық заңсыз шығарылған қаражатты Қазақстанға қайтару туралы Жарлыққа қол қойды. Ол үшін Үкімет әділетсіз баюға және активтерді заңсыз шыға­руға ықпал еткен себептер мен шарттарды жоюға бағытталған заң жобасын дайындайды. Барлық қай­тарылған қаражат азамат­тардың игілігі үшін жұм­салуға тиіс.

Түрлі саладағы ұстанымын нақты айқындап берген Прези­дент халық мүддесі бәрінен де жоғары екенін қадап айтты. Ал бұл еліміздің алға қойған биік мақсаттарға жету жолында рефор­ма­лар мен жаңғыру жолын жалғас­тыратынына сенімді одан әрі нығайта түседі.

Ильяс БУЛАРОВ,

Мәжіліс депутаты

Бөлісу:
Заңсыз қаражат қайтарылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар