3,4 млн тонна асфальт төселді
<p style="text-align: justify;">Қазір Қазақстанда жалпы ұзындығы 7 мың шақырымға жуық республикалық маңыз­ды автожолдардың 200-ге жуық учаскесінде жол салынып, құрылыс жұ­мыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 4 мың шақырымдай жерде жаң­ғырту жұмыстары, қалған 3 мың шақырымында жоспарлы жөндеу (орташа жә­не күрделі) жұмыстары іске асырылып келеді.</p>

Аталған жұмыс Қарағанды – Балқаш – Алматы, Мерке – Бурылбайтал, Талдықорған – Қалбатау – Өскемен, Қалбатау – Майқапшағай, Атырау – Астрахань, Ақтөбе – Қандыағаш, Өнеге – Бисен – Сайхин және басқа да трассаларда қолға алынған.
Бір маусымда республикалық автожолдарға 3,5 млн тонна асфальт төселді. Мәселен, маусым айынан бастап Қарағанды – Балқаш тас жолының 128 шақырымдай жеріне жаңа жол жабыны салынды. Құрылыс-монтаж жұмыстарымен 8 учаске қамтылды. Қазір 363 шақырымның 281 шақырым жерінде жол қозғалысы қамтамасыз етілген. Бұған дейін айналма жолдардың жалпы ұзындығы 148 шақырымды құраса, қазір 4 шақырым ғана.
Сонымен қатар Қызылқой мен Нұраталды ауылдары арасындағы күрделі учаскеде екі жолақты жол қозғалысы ашылды.
