Таным
1 мин оқу 374

Жазба деректегі Тараз

<p style="text-align: justify;">&laquo;Ежелгі Тараз ескерткіштері&raquo; мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қоры&shy;ғының ұйымдастыруымен &laquo;Ортағасырлық Тараз&raquo; монографиясының авторы, тарих ғылымдарының кандидаты Таисия Сенигованың 100 жылдық мерейтойына орай &laquo;Жазба деректеріндегі Тараз&raquo; атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті.</p>

Жазба деректегі Тараз

Іс-шара басталмас бұрын келушілер музейдің ұйымдастыруымен ежелгі экспонаттардан тұратын «Тараздың жауһар жәдігерлері» атты жылжымалы көрмені тамашалады. Бас­қосуда алғаш сөз алған «Ежелгі Тараз ескерт­кіштері» тарихи-мәдени музей-қоры­ғының директоры Берік Жүсіп Таисия Сенигованың жарты ғасыр бұрын жарық көрген монографиясын қазақ тіліне аударып, Тараз жұртын төл мәдениетімен, археологиялық мұраларымен таныстыру керектігін тіліне тиек етті. Сондай-ақ конференция барысында «Тараз қалашығының археологиялық зерттелуі», «Тараз қалашығын зерттеген көрнекті архео­логтер жа­йын­­дағы естеліктер», «Жам­был об­лы­сының археологиялық экспе­ди­ция­ларының далалық материал­да­ры» және «Т.Н.Сенигованың «Ор­та­ғасырлық Тараз» монография­сы – Оңтүстік Қазақстанның орта­ғасырлық қа­лаларын зерттеудің негізі» секілді өзекті тақырыптар талқыланды.

Конференция барысында Мадияр Елеуов, Жұман Смайлов, Дөкей Тә­леев, Серік Ақылбек, Ералы Ақым­бек, Борис Железняков, Мәмбет Ша­ғыр­баев, Сауран Қалиев баяндама жасады. Іс-шараға Таисия Сенигованың қызы Инна Бочкарева Мәскеуден бей­не­байланыс арқылы қосылып, ұйым­дастырушыларға алғысын жеткізді.

ТАРАЗ

Бөлісу:
Жазба деректегі Тараз · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар