Оқиға
1 мин оқу 320

«Алматы-2» вокзалында өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Бүгін Алматы-2 вокзалының ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша,  сағат 14:08-де вокзал ғимаратының жоғарғы жағынан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

«Бұған дейін алаңда 100 шаршы метр аумақта вокзалдың бас ғимараты шатырының ағаш жәшігі өртеніп кеткен. Адамдар ғимараттан өз бетінше шыққан, зардап шеккендер жоқ», делінген ТЖМ хабарламасында.

Өрт сағат 14:30-да сөндірілді.

Бөлісу:
«Алматы-2» вокзалында өрт шықты · Egemen Qazaqstan