Спорт
1 мин оқу 680
Қазақстандық пара спортшылар 54 медаль еншіледі
<p style="text-align: justify;">Португалияның Вилли-Реал-де-Санто-Антонио қаласында IWAS-2022 дүниежүзілік ойындары мәресіне жетті. Жарысқа әлемнің 34 елінен 500-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қазақстан сапынан 27 спортшы бақ сынады. Нәтижесінде, Қазақстан қоржынына 14 алтын, 20 күміс және 20 қола медаль түсті.
IWAS ойындары - мүгедектер арбасына таңылған және ампутацияланған мүгедектерге арналған халықаралық жарыс. Дүниежүзілік ойындар екі жылда бір өткізіледі. IWAS ұйымына 73 мемлекет кіреді.
Бөлісу:
