Туризм
2 мин оқу 520

Шымбұлақтағы шаңғы маусымы

<p style="text-align: justify;">Қыс хабары білінер тұста тау жұпарымен ты&shy;&shy;ныстап, шаңғы тебу үшін Алматыға ағы&shy;ла&shy;тын жұрттың қарасы қалыңдайды. Алатау бау&shy;райының туристік әлеуетін танытып, қо&shy;нақ&shy;тарын құшақ жая қарсы алатын Шым&shy;бұ&shy;лақ кезекті рет қысқы маусымын ашты.</p>

Шымбұлақтағы шаңғы маусымы

Көне шаһардың көркіне көзайым болып демалыс маусымын Шымбұлақпен байланыстыратын шетелдіктердің денін Ресей мен Қытай азаматтары құраса керек. Көршілес қос мемлекеттен кейін оң­түс­тіккореялықтардың үлес салмағы басым. Соңғы екі жылдың үлесіне кіретін бұл статистика әлемдегі күрделі геосаяси жағдайларға байланысты биыл мүлде өзгеруі мүмкін. Есесіне ішкі туризмнің тынысы кеңеймек. Туризм са­ласының сарапшылары, пандемия белең алғаннан бас­тап отандастарымыз өз елінің кө­рікті жерлерінде демалуға ден қойғандарын, осының әсерінен ішкі туризмнің арнасы кеңейгенін айтады.

Биылғы маусымда келу­шілер жалпы ұзындығы 22 шақырымды құрайтын 20 шаңғы мен шана жолағын пайдалана алады. Жалпы, Шымбұлақ тау шаңғысы курортында ұзындығы 25 ша­қырым болатын әртүрлі қиын­шылықтағы 14 еңіс бар. Осы қыста Шымбұлақта Almaty Extreme Games және Happy Hour Camp фестивальдарын, сондай-ақ фристайл могул және фристайл акробатикасынан 2022/23 жыл­ғы әлем чемпионатының Гранд финалын өткізу жоспарлануда.

Шымбұлақ шатқалына айдындай тайғанақ мұз жолдарын жаны сүйетін шаң-ғышылар, шеберліктерімен таңғалдыратын сноубордшылар көптеп келеді. Себебі бұл жерде арнайы отыр­ғы­шы бар көтерме жолдармен теңіз деңгейінен 3163 метр биік­тіктегі Талғар асуына шығу мүмкіндігі бар. Мұн­дағы асу­дан түсетін жер өте тік бол­ғандықтан, кә­сіби шаң­ғы­шылар үшін арманға қанат бітіретін таптырмас орын. Ал еш жерде қай­та­ланбайтын атмосферадан қала тұрғындары ерекше рухани күш алатынын айтады. Жайлы климат, тө­беден төгілген күн шуағы, тұ­рақты қар жамылғысы Та­биғат-ананың таңғажайып сыйы. Табиғат аясында ты­ныстауға таптырмас орын ке­лушілерін үлкен шаңғы трас­­сасымен тәнті етеді. Бір ға­жабы, Шым­бұ­­лақтағы қа­лың қар қабаты жел­тоқсаннан сәуір айына дейін ерімейді.

АЛМАТЫ

Бөлісу: