Қоғам
2 мин оқу 430

Қоғамдық кеңес құрылды

<p style="text-align: justify;">Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оқытушылар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері кірді.</p>

Қоғамдық кеңес құрылды

Ғылым, жоғары білім және тіл сая­саты мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысына министр Саясат Нұрбек қатысып, ве­дом­ствоның алдағы жоспарларына тоқталды.

«Жаңадан құрылған министр­ліктің алдына Мемлекет басшысы үлкен міндеттер қойып отыр. Ғылым мен жоғары білім саласына қатысты барлық шешімдерді өзде­ріңіздің талқылауларыңызға ұсы­намыз. Себебі Қоғамдық кеңестің жұмы­сы арнайы заңмен айқындалған. Құзіреті де жоғары. Жұртшылықтың, азаматтық қоғамның пікірін ескеріп, бізге қолдау көрсетеді деп сенеміз», деді министр.

 Отырысқа Қоғамдық кеңестің 17 мүшесінің 11-і офлайн, 6-уы онлайн қатысты. Дауыс беру арқылы ғылым және жоғары білім саласында, сондай-ақ қоғамдық кеңес жұмысын жүргізуде тәжірбиесі мол қоғам қайраткері Серік Ырсалиев Қоғамдық кеңес төрағасы болып сайланды.

Министрліктің салалық бағыты ескеріліп, 5 комиссия құрылды. Олар­дың төрағалары сайланды. Атап айтқанда, Нормативтік-құ­қық­тық актілердің жобаларын қарау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойын­ша комиссия төрағасы – «Д.Се­рікбаев атындағы Шығыс Қазақ­стан техникалық университеті» ком­мерциялық емес акционерлік қоға­мының ғылыми кеңесшісі Жасұлан Шаймарданов; Бюджет мәселелері бойынша комиссия төрағасы – Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова; Ғылым мәселелері бойынша комиссия төрағасы – «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Күнсұлу Закария; Жоғары білім мәселелері бойынша комиссия төрағасы – азаматтық қоғам өкілі Амантай Нұрмағамбетов; Тіл сая­­саты мәселелері бойынша комиссия төрағасы – Парламент Мәжілісінің депутаты Мақпал Тәжма­ғамбетова.

Жиын соңында үш жылға сайланған Қоғамдық кеңестің төралқасы бекі­тілді.

Бөлісу:
Қоғамдық кеңес құрылды · Egemen Qazaqstan