Қоғам
1 мин оқу 1,114

Блогер журналист емес!

<p style="text-align: justify;">Қоғамда &laquo;Неге заңды өзгерте береді?&raquo; деген пікір жиі айтылады. Заман құбылған сайын заңдардың жаңа сипат алуы заңдылық. Оның ішінде БАҚ саласында да сәт сайын жаңашылдықтар болып жатыр. Бұл &ndash; әлемдік үрдіс. Өзгерістерге біздің заңдардың ілесіп жүруі &ndash; өмір талабы. Салада дұрыс заң қабылдайынбайынша жүйелі жұмыс жүргізіледі деу қиын. Қазіргі алмағайып заманда қоғамды жалған емес, нақты ақпаратпен қамтамасыз ету маңызды болып отыр. Оның артында ұлттық қауіпсіздік мәселесі тұр.</p>

Блогер журналист емес!

Бүгінде ақпарат тарататын тех­нология да, адамдар да көп. Бұрын журналистердің ғана жұ­мысы сияқты көрінетін, қазір ауылдағы қарапайым етікшінің өзі, тіпті әлемнің бір түкпірінде отырған адам да еліміз жайлы ақпарат тарата беретін болды. Блогерлерді журналистер ре­тін­де қабылдауға болмайды деп есеп­тей­мін. Ақпараттың тасқыны кө­бейген заманда «Ақпарат таратушы кім?» деген сауалға жауап табу үшін заңға сүйенеміз. Арпа мен бидайды аралас­тырмау үшін, журналист кім, блогер кім, мұның бәрін нақтылайтын бап жаңадан қабылданатын заңда көрініс табуы керек.

Ұзақ уақыт бойы талқыланып келе жатқан мәселе – журна­лис­тердің мәртебесі. Бұл тақырып «Бас редакторлар клубы» қоғам­дық бірлестігінде өткен кездесулерде жиі талқыланды. Әдетте мұғалімдер, дәрігерлер баспана алу кезінде белгілі бір жеңілдіктерге ие болады. Ал журналистер ондайға ілікпейді де. Өзге де әлеу­меттік проб­лемаларды шешу үшін жур­налистердің мәртбесі заң жү­зінде реттелуі керек.

Жаңа заңда журналистердің ақпарат алу мүмкіндігін кеңейтетін жаңа баптар енгізілуі керек деп есептеймін. Ұлттық қауіпсіздік мә­селесіне кері әсер етпейтін ақ­параттар болса, мемлекеттік органдардан шұғыл ақпарат алу мә­селесі оң шешілсе деген ұсы­ныс бар. Бұл – оқырманға жедел ақпарат таратуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ,

«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті

Бөлісу:
Блогер журналист емес! · Egemen Qazaqstan