Ғылым
2 мин оқу 270

Инженерлік академияның игі бастамасы

<p style="text-align: justify;">Жақында Алматы қаласында Парламент Сенатының депутаты, Ұлттық инженерлік академиясының президенті Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының жиыны өтті.</p>

Инженерлік академияның игі бастамасы

Алқалы жиынға қатысушылар Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың отандық ғылымды дамыту және оның өндіріспен байланысын нығайту туралы нұсқауларын басшылыққа ала отырып, белгіленген міндеттерді іске асыруда ғылыми-инженерлік қоғам­дастықтың рөлін арттыруға ерекше назар аударды.

– Техникалық ғылымның, инженер­лік істің даму деңгейі – адами капитал­дың, жалпы экономиканың бәсекеге қабі­леттілігінің басты көрсеткішінің бірі. Бүгінгі таңда елдің тұрақты дамуы мен экономикалық қауіпсіздігі инженер­лік қоғамдастыққа тікелей байланысты, – деп атап өтті академик Б.Жұмағұлов.

Жиынға қатысушылар ғылым нәти­же­лерін іс жүзінде іске асырудың түбе­гейлі жаңа деңгейіне көшудің, оны өндіріспен, бизнеспен пәрменді интег­рациялаудың, нарықтың перспек­тивалық технологиялық талаптарын қанағаттандырудың аса өткір міндет­терін талқылады. Атап айтқанда, өн­діріс­тің ғылыми-техникалық мәселе­лерін шешу үшін консорциумдарды дамыту, ғарыштық зерттеулерді ел экономика­сында тиімді пайдала­ну, ауыл шаруа­шылығындағы инно­­вациялық технологияларды коммерцияландыру тәжірибесі терең талданды. Атом сала­сының ғылы­ми-техникалық әлеуе­тін дамыту, Қазақстанның автожол саласының проблемаларын шешу жолдары туралы ұсыныстар тыңдалды.

Ұлттық инженерлік академиясы басшылығына сайлау өтіп, тәуелсіз Қазақстанның үздік инженері (2018), академик Амандық Баталов бірінші вице-президент болып сайланды. Ал Ұлттық инженерлік академиясы Батыс Қазақстан филиалының төрағасы, академик Ақсерік Әйтімов вице-президент болып сайланды.

Еліміздің жетекші инженерлерінің жиналысы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында өткізілді. Аталған университеттің басты мақсаты – ғылым мен өндірісті интеграциялау, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерге қатысу арқылы жоғары білікті кадрларды даярлау.

Жалпы жиналыс көрсеткендей, еліміздің жетекші ғалымдары мен инженерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Қазақстанды құру бағытын бірауыздан қолдайды, сондай-ақ экономиканы дамытуға бар күш-жігерін жұмсайтын болады.

Бөлісу:
Инженерлік академияның игі бастамасы · Egemen Qazaqstan