Сегізбаев сыйлығының иегері
<p class="2018-" style="text-align: justify;">Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы «Ордабасы» клубының жартылай қорғаушысы Эльхан Астановқа жылдың ең үздік ойыншысына бе­рі­летін Тимур Сегізбаев атындағы сый­лықты тапсырды.</p>

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы маусым және шілде айларында қатарынан екі рет ҚПЛ-дың үздік футболшысы атанған болатын. Астанов ел біріншілігі аясында 26 ойын өткізіп, 7 голдың және 6 нәтижелі пастың авторы атанды. Сонымен қатар ол Қазақстан кубогінде 8 матчқа қатысып, қанжығасын 3 гол және 3 нәтижелі паспен майлаған еді.
22 жастағы футболшы өзінің нәтижелі ойынының арқасында «Ордабасы» клубына Қазақстан кубогін жеңіп алуға көмектесті. Сондай-ақ Эльхан Қазақстан құрамасы сапында биыл 5 ойында алаңға шығып, 1 гол соқты. Сонымен қатар әріптестеріне бір мәрте нәтижелі пас берді.
