Қасым-Жомарт Тоқаев «Orano S.A» компаниясы Директорлар кеңеcінің төрағасын қабылдады
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Orano S.A» компаниясы Директорлар кеңеcінің төрағасы Клод Имовенді қабылдады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Кездесу барысында атом өнеркәсібін дамыту мәселелері талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның Қазақстанда атқарып жатқан жұмысының қазіргі нәтижелері мен алдағы жоспары таныстырылды. Клод Имовен KATCO бірлескен кәсіпорны Қазақстанда бір жылда өндірілетін уранның 15 пайызын және әлемдік өндірістің 7 пайызын өндіретінін мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Эммануэль Макронмен келіссөз барысында Қазақстан мен Франция арасындағы уран саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланғанын жеткізді.

