Аймақтар
1 мин оқу 211

Екібастұздағы әлеуметтік нысандар тексеріліп жатыр

<p style="text-align: justify;">2022 жылғы 30 қарашада таңғы сағат 08.00-де Екібастұздағы төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штабтың отырысында қаланың жылу желілеріндегі қазіргі жағдай мен температуралық режимді қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін жылу магистраліндегі екі жердегі жарылған тұсты қалпына келтіру және Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 17 көппәтерлі үйді жылыту жүйелеріне қосу жоспарлануда. Сағат 9.00-ден бастап қаланың әлеуметтік нысандары тексерілуде.

Үкімет мүшелері мен жедел штаб қатысушылары Екібастұз қалалық ауруханасында, қабылдау бөлімінде, перзентханада болды. Медициналық мекемелердегі температура 24°C құрайды.

Бөлісу:
Екібастұздағы әлеуметтік нысандар тексеріліп жатыр · Egemen Qazaqstan