Хоккей
1 мин оқу 340

ҚХЛ: «Барыс» «Трактормен» кездеседі

<p style="text-align: justify;">Бүгін елордалық &laquo;Барыс&raquo; ҚХЛ-дың қысқа көшпелі сериясы аясында &laquo;Трактор&raquo; командасымен кездеседі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

36 кездесудің қорытындысы бойынша «Трактор» 33 ұпай жинады, бұл конференцияда сегізінші орынға ие болуға мүмкіндік береді.

«Барыс» соңғы үш матчта жеңіліс тапса да, активіне 31 балл жинай алды, бұл - Шығыстағы тоғызыншы орын. Линден Вей (13+9) команданың ең көп ұпай жинаған ойыншысы болып қала береді.

Қыркүйек айында «Барыс» пен «Трактор» маусымның алғашқы жекпе-жегін өткізді. Сол кезде қазақстандықтар басымдық танытып, ойын 3:1 есебімен аяқталды.

Бүгінгі матч елорда уақыты бойынша сағат 20:00-де басталады.

Ойынның  тікелей көрсетілімі «KHL» және «KHL Prime» арналарында көрсетіледі.

Бөлісу:
ҚХЛ: «Барыс» «Трактормен» кездеседі · Egemen Qazaqstan