Елордада жаңа жылдық жәрмеңке өтеді
<p style="text-align: justify;">17-19 желтоқсан аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында «Жаңа Жыл Fest» жаңа жылдық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>
Мерекелік жәрмеңке-көрмеде қонақтар жаңа жылға арналған ерекше сыйлықтарды, кәдесыйларды, ойындарды, қолдан жасалған бұйымдарды, декор заттарын және басқаларын қолжетімді бағамен сатып ала алады.
Сондай-ақ жаңа жылдық тағамдардың дәмін татуға болады.
Қонақтар үшін қызықты мастер-класстар, аниматорлармен ойындар және жаңа жылдық мәдени-ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылады. Іс-шара 17-19 желтоқсан аралығында сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін ЭКСПО орталығы, Мәңгілік Ел даңғылы 53/1 мекенжайы бойынша үш күн бойы өтеді.
