Әлем
1 мин оқу 270

Мексикада 200-ге жуық адам уланып қалды

<p style="text-align: justify;">Мексикадағы тойда 250 қонақтың кем дегенде 200-і уланып қалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://mvsnoticias.com/nacional/estados/2022/12/1/van-boda-200-invitados-se-intoxican-en-monterrey-573808.html">Noticias MVS</a> сайтына сілтеме жасап.</p>

Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алма Маррокин мәлімдеді. Оның айтуынша, Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында өткен мерекеден кейін зардап шеккендердің ішінде қалыңдық пен кәмелетке толмаған қонақтар уланып, дене қызуы көтерілген.

Оқиға болған қонақүй оқиғаның егжей-тегжейі нақтыланғанша уақытша жабылады.  Жас жұбайлар үйлену тойын ұйымдастыруға жұмсалған қаражатты қайтаруға өтініш бергендерін айтып, уланған қонақтарды сауықтыру үшін қажетті медициналық қызмет ақысын қонақүй әкімшілігінен төлеуді талап етті.

Бөлісу:
Мексикада 200-ге жуық адам уланып қалды · Egemen Qazaqstan