Оқиға
1 мин оқу 1,030

Халық ақыны Қонысбай Әбіл қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның Халық ақыны, белгілі айтыскер Қонысбай Әбіл көз жұмды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Тектілер мекені Торғай топырағынан түлеп ұшып алты алаштың ардақтысына, арқалы ақтаңгер ақынына айналған Қонысбай Әбілов ағамыз дүниеден өтіпті.

Қонысбай ағамыздың арқалы ақын ғана емес, қаламы жүйрік журналист ретінде де «Торғай таңы» газеті редакторының орынбасары, «Арқалық таңы» газетінің редакторы, Торғай облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы секілді бірқатар жауапты қызметтер атқарып, отандық журналистиканың дамуына зор үлес қосты. 

Ағамыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! Жақындарына көңіл айтамын», деп жазды министр.

Бөлісу:
Халық ақыны Қонысбай Әбіл қайтыс болды · Egemen Qazaqstan