Футбол
1 мин оқу 243

Англия әлем чемпионатының 1/4 финалына өтті

<p style="text-align: justify;">Катардың &laquo;Эль-Байт&raquo; стадионында Англия мен Сенегал құрамалары арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалының кездесуі өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тұманды Альбион өкілдері Африка құрамасына жауапсыз үш гол соқты. Есеп - 3:0. 

38-минутта Джордан Хендерсон есеп ашты. 45+3 минутта Гарри Кейн есепті 2:0-ге жеткізді. Үшінші голды 57-минутта Букайо Сака соқты. 

Айта кетейік, 1/4 финалда ағылшындар Франция құрамасымен кездеседі.

Бөлісу:
Англия әлем чемпионатының 1/4 финалына өтті · Egemen Qazaqstan