Бір күнде екі апат: БҚО-да 2 жүргізуші қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">БҚО жолдарында бір күнде екі жол апаты болып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz-ке сілтеме жасап.</p>
4 желтоқсанда сағат 01:20 шамасында «Тасқала-Атамекен» автожолының 36 шақырымында ВАЗ-21074 автокөлігін басқарған 35 жастағы жүргізуші көлік тізгінін басқара алмай, аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.
Сол күні сағат 07:30 шамасында Рубежинское ауылының маңында Lada-2107 көлігінің 24 жастағы жүргізушісі ГАЗ-53 көлігіне соғылған. Апат салдарынан Lada автокөлігінің жүргізушісі жедел жәрдем жеткенге дейін оқиға орнында қайтыс болды.
Екі факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


