Астанада футболдан қалалық турнир өтті
<p style="text-align: justify;">Астанада қалалық клубтар арасында футболдан турнир өтті. Финалда Dostar және «Виста» командалары кездесті. Кездесу алғашқысының пайдасына 3:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>
Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев пен елордалық футбол федерациясының президенті Дэвид Лория қатысты.
Біріншіліктің чемпионы - Dostar командасы, ал «Виста» ФК күміс жүлдегер атанды, «Абай» клубының футболшылары үздік үштікті түйіндеді.
Турнирдің үздік қақпашысы - Жомарт Әсетұлы (Dostar), Үздік қорғаушы - Евгений Семин (Виста). Үздік жартылай қорғаушы номинациясын Біләл Насыров (Dostar) иеленді. Ол НБА Айки (Виктория) ұжымының үздік сұрмергені және үздік ойыншысы атанды. Үздік жаттықтырушы атағын Асхат Назаров (Виктория) иеленді.

