Руханият
1 мин оқу 193

Ғасыр жасаған әженің төлқұжаты

<p style="text-align: justify;">&laquo;Азаматтарға арналған үкімет&raquo; мемлекеттік корпорациясы&raquo; КеАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету орталығының №1 бөлім мамандары ғасыр жасаған Күлхатша Байболатованың төлқұжатын жаңалап берді. Мамандар тыл ардагерінің үйіне барып қызмет көрсетіп, суретке түсіріп, құжатын рәсімдеген. Кейін құжаты дайын болғанда арнайы барып табыстады.</p>

Ғасыр жасаған  әженің төлқұжаты

Ғасырлық ғұмыр иесі 1922 жыл­дың 1 мамырында дүниеге ке­ліпті. Мамандар төлқұжатын табыстауға барғанда алдына алып отырған Әбдімәлік есімді шөпшегі мен Күлхатша әже екеуінің арасында тұп-тура 100 жыл жатыр.
Әже өзіне қалтқысыз қызмет көрсеткен ХҚО мамандарының құрметіне алғысын білдіріп, ақ батасын берді. Жыл басынан бері филиал мамандары тұрғындардың үйіне барып 1 882 қызмет көрсеткен. Әсіресе электронды цифр­лық қол­­­т­аңба алу, төлқұ­жат ауыс­ты­ру және мүгедек­тер­ді тех­ни­калық-кө­­мекші құрал­дар­мен қамтамасыз етуге керек­ті құ­жаттарды рәсімдеу қыз­­меттеріне тапсырыс көп түсіп отыр.


Мүмкіндігі шектеулі жандар, ҰОС ардагерлері мен оларға те­ңестірілгендер және денсау­лы­­ғына байланысты жүріп-тұруы шектелген 65 жастан ас­қандар 1414 бірыңғай байланыс орталығына ха­барласып, қыз­меттің осы түріне тапсырыс бере алады.

Бөлісу:
Ғасыр жасаған әженің төлқұжаты · Egemen Qazaqstan