Әлем
1 мин оқу 250
Аргентинаның экс-президенті 6 жылға бас бостандығынан айырылды
<p style="text-align: justify;">Сейсенбі күні Аргентинаның федералды соты вице-президент және бұрынғы мемлекет басшысы Кристина Киршнерді алты жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Киршнер елдің оңтүстігіндегі Санта-Крус провинциясында жалған қоғамдық жұмыстарға келісім-шарт жасағаны үшін кінәлі деп танылған.
Үкімге сәйкес, экс-президентке мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынады.
Бұған дейін прокурорлар саясаткерді 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.
Айта кетейік, Киршнерге 2007-2015 жылдар аралығындағы Санта-Крус провинциясындағы инфрақұрылымдық жобаларға бөлінген бюджет қаражатын заңсыз пайдаланды деген айып тағылды.
Бөлісу:
