Теннис
1 мин оқу 440

Жанель Рүстемова Мысырдағы теннис турнирінің екінші кезеңіне өтті

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Жанель Рүстемова мен Аружан Сағындықова Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің алғашқы айналымында өзара кездесті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, 18 жастағы Жанель негізгі додаға іріктеу сайыстарынан кейін жолдама алды. Жүлде қоры 15 мың АҚШ долларына бағаланған жарыста Рүстемова 17 жастағы командалас құрбысы Сағындықованы 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Жанель ширек финалға шығу үшін турнирдің 7-ракеткасы, франциялық Наийя Берекоэчэамен таласады.

Осы жарыста Рүстемова мен Сағындықова жұптық сында ширек финалға шықты. Олар ресейліктер Елизавета Машна – Елизавета Морозовамен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

Бөлісу:
Жанель Рүстемова Мысырдағы теннис турнирінің екінші кезеңіне өтті · Egemen Qazaqstan