Аймақтар
2 мин оқу 380

Құрмет төрінде – қос тұлға

<p style="text-align: justify;">Павлодар педагогикалық университетінде көрнекті ғалым, атақты археолог Әлкей Марғұланның бюсті мен академик Әбікен Бектұров атындағы оқу аудиториясы ашылды. Осылайша, университет ұжымы 60 жылдық мерейтойын игілікті істермен қарсы алды.</p>

Құрмет төрінде – қос тұлға

Жуықта бұл университетке Әлкей Марғұлан­ның есімі бе­рілгенін атап өткен абзал. Шараға Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуа­ныш Ерғалиев, Ә.Мар­ғұланның ұрпағы Данель Әл­кей­қызы қатысты.

–Бүгін Павлодар педа­го­гикалық университетінің ұжы­мы үшін тарихи сәт. Жа­қында білім ордасына академик, көр­некті тарихшы ғалым Әлкей Марғұланның есімі берілген болса, бүгін оқу ордасының тө­рінде бюсті ашылды. Бұл оқу ор­нының ұжымы үшін жо­ғары мәртебе және үлкен жа­уап­кершілік, – деп атап өтті Қуа­ныш Асыл­ханұлы.

Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, академик Ә.Бектұровтың құрметіне ар­налған аудиторияның ашы­луы да елеулі оқиға саналады. Т­ірісінде дүние жүзін мо­йын­­­датқан ғалым Баянауыл ауда­нының тумасы. Техника ғы­лым­дарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым ака­демиясының академигі болды. Кеңес өкіметі тұсында АҚШ-та өте ауқымды, дүние жүзінің ғалымдарын қамтыған ғылыми энциклопедия жарық көрді. Сол энциклопедияға кеңес елі­нен бар-жоғы 10 ғалым енсе, соның бірі – жерлесіміз Әбікен Бектұров.

«Әбікен Бектұрұлы менің әкем іспетті болып кеткен кісі еді. Кезінде көзін көріп, ақыл-кеңесін тыңдадық. Менің бала кезімде ағасы Хамзе Бек­тұровпен жақын араластық. Сол кезде Әбікен ағасының үйіне жиі келетін. Ал бүгін уни­верситет қабырғасында арнайы аудитория ашылуының куәсі болдық. Бұл біздің әу­летіміз үшін үлкен мәртебе. Оқу орнының ұжымына алғыс білдіремін», деді академиктің туысы Сайлау Тәжібаев.

Атап өтерлігі, мұнда «Өне­гелі тұлғалар» атты кітаптар се­риясының кезекті жинағының тұсау­кесері өткізілді. Бірінші серияда 11 тұлғаға ар­налған кі­таптар жарық көрген болса, осы жолғысы 6 ғалымға ар­нал­ды.

Павлодар облысы

Бөлісу:
Құрмет төрінде – қос тұлға · Egemen Qazaqstan