Ауа райы
1 мин оқу 192

Еліміздің алты облысында дауылды ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">Еліміздің алты облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК-ға сілтеме жасап</p>

12 желтоқсанда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында баяу бұрқасын күтіледі. Солтүстікте екпіні 15-20 м/с жел соғады. Көкшетауда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Солтүстікте, шығыста, Шығыс Қазақстан облысының орталығында баяу бұрқасын күтіледі.

12-13 желтоқсанда оңтүстікте, Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, облыстың шығысында жел соғады. Таразда 12-13 желтоқсанда тұман күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Қызылордада таңертең солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Павлодар облысының солтүстігінде аздаған бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с.

12 желтоқсанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында баяу бұрқасын күтіледі. Түнде оңтүстік-батыстан соғатын жел батыста, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда күндіз баяу бұрқасын күтіледі, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Бөлісу:
Еліміздің алты облысында дауылды ескерту жарияланды · Egemen Qazaqstan