Ауыр атлетика
1 мин оқу 234

Нұрғисаның күміс медалі

<p style="text-align: justify;">Ауыр атлетикадан Колумбияның астанасы &ndash; Богота қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құра&shy;ма ко&shy;мандасының қоржынына тағы бір медаль түсті.</p>

Нұрғисаның күміс медалі

96 кило салмақта күш сынасқан Нұрғиса Әділетұлы бұған дейін жастар арасындағы құрлықтық деңгейдегі жарыстарда дараланып жүрген. Осыдан екі жыл бұрын ол Ташкентте ұйымдастырылған Азия бірін­шілігінде бас жүлдені олжалаған еді. Сол бәсекеде қандасымыз басты бәсекелесі Оң­түстік Кореяның өкілі Ёнг Хуннан 36 кило артық салмақты еңсеріп, барша жанкүйердің қоше­метіне бөленді. Былтыр Нұрғиса ересектер дуы­на алғаш рет қосылғанына қарамастан Сары құрлықтың басты додасында күміс медаль иеленді. Міне, енді ол әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанып отыр. Боготада қазақ зілтеміршісі қоссайыста 383 (174+209) кило салмақты көтерді. Бұл жарыстың бас жүлдесін бахрейндік Лесман Паредес жеңіп алды. Оның көрсеткіші – 397 (185+212) кило. Қола медаль колумбиялық Йор Мореноға бұйырды.

Осы салмақта тағы бір қазақ ауыр атлеті өнер көрсеткен еді. Бірақ Әлішер Сейіт­қазы­ның қадамы сәтті болмай, 351 (160+191) кило­лық нәтижемен ол 11-орынды қанағат тұтты.

Бөлісу:
Нұрғисаның күміс медалі · Egemen Qazaqstan