Футбол
1 мин оқу 290
ӘЧ: Бүгін Аргентина құрамасының қарсыласы анықталады
<p style="text-align: justify;">Бүгін Катарда әлем чемпионаты аясында жартылай финалдық кезеңнің екінші ойыны өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қазіргі әлем чемпионы – Франция құрамасы Мароккомен кездеседі.
Матчқа Сезар Рамос басқаратын мексикалық төрешілер тобы қазылық етеді. «Әл-Байт» стадионындағы кездесу Астана уақытымен 1:00-де басталады.
Бұл жұптың жеңімпазы әлем чемпионатының финалында Аргентинамен кездеседі. Жеңілген команда үшінші орын үшін матчта Хорватиямен ойнайды.
Бөлісу:
