Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан Дания құрамасын жеңді
<p style="text-align: justify;">Норвегияның Аскер қаласында өтіп жатқан 2022 жылғы жастар арасындағы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші кездесуін өткізіп, Дания құрамасын жеңді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
I дивизионның «А» кіші тобының кездесуінде қазақстандықтар Даниядан 4:0 есебімен басым түсті. Бұл текетіресте 7-минутта Роман Ермак есеп ашты. Екінші кезеңде командалар гол соға алмаса, соңғы 20 минутта қазақстандықтар қарсыластың қақпасына гол соқты.
Осылайша Қазақстан құрамасы қоржынына 6 ұпай жинап, турнирлік кестеде үшінші орынға тұрақтады. Бұған дейін Венгрияны 3:2 есебімен ұтып, француздардан 0:2 есебімен ұтылған болатын. Бұл жарыста 9 ұпаймен Норвегия құрамасы көш бастап тұр, екінші орында Франция құрамасы (6 ұпай).
Қазақстан жастар құрамасы келесі ойынын 15 желтоқсанда Словения құрамасына қарсы өткізеді.
