Медицина
1 мин оқу 191

Халықты ревакцинациялау жұмыстары жандандырылады

<p style="text-align: justify;">Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус&nbsp;инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Комиссия жұмысына орталық мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП өкілдері, сондай-ақ өңірлердің басшылары қатысты.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, елімізде қараша айының басынан бастап коронавируспен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Тәулігіне  КВИ+ 235 және КВИ- 40 жағдайы тіркеледі. Соңғы аптада сырқаттанушылық 21%-ға артқан (аптасына 1 001 жағдайдан 1 283-ке дейін). 

«Бүгінгі таңда барлық өңірлер –  «жасыл» аймақта. Сонымен қатар 15 өңірде R көрсеткіші бірліктен жоғары, бұл инфекцияның таралуының өсуінің белгісі. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес R көрсеткіші 1-ден жоғары болса, қоғамдық орындарда бетперде тағу ұсынылады»,  деді Ажар Ғиният.

Вице-премьер Алтай Көлгінов мемлекеттік органдардың басшыларына, әкімдіктерге халықты вакциналау және ревакцинациялау жұмыстарын жандандыруды, халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Бүгінгі таңда бірінші компонентпен егілгендер жалпы халықтың 81,1%-ын құрайды, екінші компонентпен егілгендер саны – 79,3%, алғашқы ревакцинациядан 5,6 млн адам немесе тиісті халықтың 70%-ы, қайта ревакцинациядан 1,1 млн адам немесе тиісті халықтың 51,9%-ы өтті. 

Бөлісу:
Халықты ревакцинациялау жұмыстары жандандырылады · Egemen Qazaqstan