Руханият
2 мин оқу 642

Тәуелсіздік белгісі

<p style="text-align: justify;">Тәуелсіздік күніне орай Қарағандыда &laquo;Қазақ хал&shy;қының мұрасы&raquo; кітап&shy;тар сериясының &laquo;Qazaq club&raquo; бастамасымен &laquo;Тәуел&shy;сіз&shy;&shy;дік белгісінің&raquo; тұсау&shy;кесері өтті. Көпші&shy;лікке ұсы&shy;&shy;нылған &laquo;Тәуел&shy;сіздік бел&shy;&shy;&shy;гісі&raquo; осыған дейін 2020 жылы жарық көрген &laquo;Тә&shy;уел&shy;&shy;&shy;сіздік лентасының&raquo; не&shy;гізінде жасалды.</p>

Тәуелсіздік белгісі

Төсбелгінің ортасында Қа­зақ­стан Республикасының қа­зіргі жер аумағын бейнелейтін карта көрініс тапқан. Сонымен қатар Қазақстан аумағын біз­дің жыл санауымызға дейін 5-4 ғасырларда мекен еткен сақ­тар­­дың Есік қорғанынан та­был­ған Алтын адамы бейнеленген. Бұл қазақ тарихының сақтар за­ма­­нымен байланысты екенін біл­діреді. Бұдан кейін белгіде Ғұн­­дар мем­лекетінің негізін қа­ла­­ған Мөде қаған және ғұн мем­­ле­­кет­тілігінің шаңырағы кө­те­рілген б.з.д 209 жыл көрініс тап­­қан.

«Тәуелсіздік белгісіндегі» келесі айтулы дата 552 жыл, яғни, Түркі қағанаты құрылған жыл және оның символы Бөрілі бай­рақ бейнеленген. Бұдан кейін Қа­зақ хандығының шаңырағы көтерілген 1465 жыл Керей мен Жә­нібек хандар салынған. «Тәуел­сіздік бел­­гісіндегі» ке­лесі көр­некті тұлға үш жүздің ба­сын қос­қан Абылай хан мен ол сай­лан­ған 1771 жыл, ұлтымыз­дың Тәуелсіздігі үшін күресіп өт­кен және Қазақ хан­дығын қал­­­пына келтірген Кене­сары Қа­­сым­­ұлы хан атанған 1841 жыл және Алаш көсемі Әли­хан Бө­кейхан бастаған Алаш­орда Үкі­меті құ­рылған 1917 жыл бей­неленген.

«Тәуелсіздік белгісінің» жо­ғарғы жа­ғын­да ел Тәуел­сіздігі жа­рия­лан­ған 1991 жыл көрініс тап­қан. Көтеріліп келе жатқан күн қазақ халқы үшін жаңа дәуір­дің келгенін, ал ашылып тұр­ған кітап еліміздің болашағы ғы­­лым-білімде жатқандығына мең­зейді. Тәуелсіздік белгісінің өн бойындағы ұлттық ою-өрнек біздің ұлттық мәдениетіміз бен бол­­­мысымызды әр уақытта көз­дің қа­­ра­­шығындай сақтауға үндейді.

«Тәуелсіздік белгісі» мемле­кет­тік мерекелері күндері, сал­та­­натты шараларда тағуға ар­нал­­ған. Сондай-ақ белгіні ел тари­­хына құрмет білдіру мақ­са­­­тында күнделікті тағуға да бо­ла­ды», дейді «Тәуелсіздік бел­­­­гі­сінің» авторы Нұржан Сұр­­шаұлы.

ҚАРАҒАНДЫ

Бөлісу:
Тәуелсіздік белгісі · Egemen Qazaqstan