Әлем
1 мин оқу 393
Путин дүйсенбі күні Минскіге барады
<p style="text-align: justify;">Ресей президенті Владимир Путин дүйсенбі, 19 желтоқсанда Минскіге Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесу үшін барады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл туралы Беларусь басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Тәуелсіздік сарайында жоғары деңгейдегі Беларусь-Ресей келіссөздері өтеді.
«Келіссөздер бағдарламасы өте бай. Оған мемлекет басшылары, сондай-ақ екі елдің үкімет мүшелері, министрліктер мен ведомстволардың басшылары қатысады. Бұл форматта тараптар Беларусь-Ресей интеграциясының ең өзекті мәселелерінің барлық кешенін егжей-тегжейлі талқылайды», делінген хабарламада.
Одан кейін президенттер келіссөздерді жеке форматта жалғастырады.
Бөлісу:
