Оқиға
1 мин оқу 270
Ақтөбеде оқушылар мінген көлік жол апатына ұшырады
<p style="text-align: justify;">2022 жылғы 17 желтоқсанда Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолының 68 шақырымында болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Темір ауданының 32 жастағы тұрғыны басқарған «Toyota Estima» автокөлігі аударылды.
Автокөлік ішінде 11 адам, оның ішінде 2010-2011 жылдары туған 9 бала болды. Олар Шұбарқұдық ауылынан Ақтөбе қаласына волейболдан жарысқа қатысу үшін шыққан.
Салдарынан 1 бала жол-көлік оқиғасы болған жерде көз жұмды, қалған 8 бала Ақтөбе қаласындағы Облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Бөлісу:
