Әлем
1 мин оқу 183

Ердоған футболдан әлем чемпионатының финалына қатысады

<p style="text-align: justify;">Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 18 желтоқсанда Катарға барып, әлем чемпионатының жабылу салтанатына қатысады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы сенбі күні Түркия басшысының әкімшілігі Twitter-де хабарлады.

«Президентіміз Катар Әмірінің шақыруымен 18 желтоқсанда әлем чемпионатының жабылу салтанатына қатысу үшін Дохаға барады», делінген хабарламада.

Ердоған бұған дейін биылғы әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысқан. Сол кезде ол Катарда бірқатар маңызды кездесу өткізген. Соның ішінде Мысыр президенті Абдель Фаттах әл-Сисимен болған жүздесу ұзақ үзілістен кейін екіжақты қарым-қатынастарға жаңа серпіліс әкелді.

Бөлісу:
Ердоған футболдан әлем чемпионатының финалына қатысады · Egemen Qazaqstan