Аймақтар
1 мин оқу 174

Екібастұздағы білім беру нысандары тексерілді

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы облыс әкімі өзінің Instagram&nbsp; парақшасында жазды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

- Екібастұздық балалардың үйде отырғандары жеткілікті деген ойдамын. Қаланың білім беру нысандарының оқушыларды қабылдауға дайындығын тексердім. № 1 мектеп-лицейде жылумен жабдықтау қысымы жеткіліксіз болып шықты. Мәселені энергетиктермен бірге сол жерде қарастырдық, -  деп жазды аймақ басшысы.

Мамандардың айтуынша, жылыту жүйесін толықтай жуу қажет. №11 орта мектептің де жағдайы дәл осындай. 

- Жылу беру жүйесін жуу жұмыстарын жеделдетіп бастауды және жақын күндері жылумен жабдықтау жүйесін толыққанды бірқалыпқа келтіруді тапсырдым, - деді Асайын Байханов.

Қазіргі таңда №25 балабақшадағы жылыту радиаторлары қалпына келтірілді. Жоспары бойынша дүйсенбіге дейін температура қалыпқа келуі қажет.

- Екібастұздың білім беру мекемелерінің жұмысын жеделдетіп жандандыру міндетін қойдым. Жасөспірім қала тұрғындары мүмкіндігінше тезірек мектептер мен балабақшаларға оралуы керек, - деп түйіндеді сөзін.

Бөлісу:
Екібастұздағы білім беру нысандары тексерілді · Egemen Qazaqstan