Қаржы
1 мин оқу 190

Қор нарығында доллар бағамы өсті

<p style="text-align: justify;">Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы аздап көтерілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап.</p>

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,09 теңгеге көтеріліп, 468,24 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 16-19 желтоқсандағы бір долларға арналған ресми бағамы 468,56 теңгені құрады.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 467,62 теңгеден сатып алынып, 470,77 теңгеден сатылуда. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 469,40 теңге, сату – 472,68 теңге. 

Бөлісу:
Қор нарығында доллар бағамы өсті · Egemen Qazaqstan