Оқиға
1 мин оқу 210

Елордада 8 жастағы баланы көлік қағып кетті

<p style="text-align: justify;">19 желтоқсан күні сағат 17:50 шамасында Toyota Highlander автокөлігінің жүргізушісі Бұқар жырау көшесімен келе жатып, жолдың жүру бөлігінен бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп бара жатқан баланы қағып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a dir="auto" title="https://t.me/POLICE_of_KZ" href="https://t.me/POLICE_of_KZ" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer" data-entity-type="MessageEntityUrl">Polisia.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>

Жол апаты салдарынан 8 жастағы бала қалалық ауруханаға жеткізілді. Ол дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберілді. Аталған факті бойынша анықтау жүргізіліп жатыр.

Оқиғадан кейін жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жолды жарықтандырудың болмауына байланысты жолды жауып тастады. Жиналғандармен әңгіме жүргізілді.

Аталған учаскені жақсарту бойынша жол жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы ақпарат жергілікті атқарушы органға жіберілді.

Бөлісу:
Елордада 8 жастағы баланы көлік қағып кетті · Egemen Qazaqstan