Спорт
1 мин оқу 312

Шымкенттің волейболшы арулары

<p style="text-align: justify;">Биылғы 11-17 жел&shy;тоқсан күндері ара&shy;лығында Шым&shy;кент&shy;тегі &laquo;Отырар&raquo; уни&shy;&shy;&shy;верситетінің спорт ке&shy;шенінде во&shy;лей&shy;&shy;&shy;бол&shy;дан жоғары ли&shy;&shy;га&shy;дағы әйелдер ара&shy;сындағы XXX чем&shy;пио&shy;наттың ІІ тур ойындары өткен болатын.</p>

Шымкенттің волейболшы арулары

Оған елімізден 6 команда қатысты. Атап айт­­­қанда, Шымкенттің «Шым­кент», Тараздың «Та­раз», Оралдың «Грация KZ», Ақтөбенің «Ақтөбе», Аты­раудың «Атырау», Қара­ғанды облысының «Ели­сеевские ласточки» кома­ндалары бақ сынасты.

Дейтұрғанмен, бұл сында алаң иелері шапшаңдық танытып, қарсыластарынан басым екендіктерін көр­сетті. Жалпы, 5 кездесу өткізген жергілікті команда 4 ойында жеңіске жетіп, тек бір ойында ғана есе жіберіп алды. Әрбір кездесуде Шымкенттің волейболшы қыздары жарысқа жан-жақты дайындалғанын байқатып, жеңіске жету жолында ерлік жасады деу­ге болады.

Сонымен ІІ турдың қорытындысы бойынша 28 ұпай жинаған үшінші мегаполистің командасы бірінші орын алды. Ал 24 ұпай еншілеген «Тараз» арулары екінші орынға тұ­­рақтады. Қоржынына 19 ұпай жиып үлгерген оралдық «Грация KZ» құ­рамасы болса, үшінші орын­ды місе тұтты. Ендігі кезекте барлық қарсылас командалар Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында ІІІ тур ойындарында кездесетін болады.

Бөлісу:
Шымкенттің волейболшы арулары · Egemen Qazaqstan