Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Республиканың 7 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.</span></p>
23 желтоқсанда Астанада қарлы боран болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Таңертең және түстен кейін Ақмола облысында боран болады деп болжанады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с дейін, ал күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с дейін жел соғады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі.
Синоптиктердің айтуынша, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде боран болады. Облыстың батысында, солтүстігінде жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Павлодар облысының солтүстік-батысында төменгі боран байқалады. Күндіз облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с дейін жел соғады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде боран болады.
Сондай-ақ Түркістан облысының тау бөктерінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғып, күндіз тау асуларында 15-20 м/с дейін жетеді.
