Аймақтар
1 мин оқу 230

СҚО полицейлері он күнде 31 мас жүргізушіні ұстады

<p style="text-align: justify;">СҚО-да&nbsp;&laquo;Мас жүргізуші&raquo; жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында&nbsp;10 күнде 31 факт тіркелді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ішімдік ішкен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады. Сондай-ақ 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін.

«11 айда облыста мас автокөлік жүргізушілерінің кінәсінен 26 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 6 адам қаза тапты, 27 адам жарақат аллы», деді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ ЖПІШ кезінде полицейлер жылдамдықты асырғаны үшін 137 жүргізушіні, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 51 жүргізушіні, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне жүрген 25 жүргізушіні жауапкершілікке тартты. Барлығы 2 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды.


Бөлісу:
СҚО полицейлері он күнде 31 мас жүргізушіні ұстады · Egemen Qazaqstan