Қоғам
1 мин оқу 360
Таразда өртенген тұрғын үйден 32 адам эвакуацияланды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Түнде Тараз қаласының кезекші пультіне Сағындықов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт болғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Өрт сөндірушілер дереу өрт орнына шықты. Сағат 01:49-да өрт толығымен сөндірілді. ТЖД күшімен 32 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды. Оқиға орнына 14 адамнан тұратын ТЖД күштері мен құралдары және 3 бірлік техника жұмылдырылды. 1930 жылы туған әйел ауруханаға жатқызылды.
Өрттің себебі - отты абайсыз пайдалану.
Бөлісу:
