Қазақстан
1 мин оқу 220

Қазақстан мен БАӘ арасындағы әуе рейстерінің саны артады

<p style="text-align: justify;">Мереке және демалыс күндерінде әуе билеттерінің құнын төмендету мақсатында БАӘ-ге рейстер санын көбейту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 2022 жылдың 29 желтоқсаны мен 2023 жылдың 14 қаңтары аралығында Fly Dubai авиакомпаниясы Астана-Дубай және Алматы-Дубай бағыттары бойынша қосымша 10 рейс жасауды жоспарлап отыр. Ұшулар В-737 типті ұшақтарда орындалады.

Ұшу санының артуы Қазақстан Республикасы мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өткен жөн.

Бөлісу:
Қазақстан мен БАӘ арасындағы әуе рейстерінің саны артады · Egemen Qazaqstan