Астана көшелерінің біріне Асқар Забикулиннің есімі беріледі
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Астанадағы көше қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің есімімен аталады. Мәслихат депутаттары бұл шешімді бірауыздан қолдады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Мәслихатта талқыланған екінші мәселе - Астана қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру.
«Ономастика комиссиясының отырысында біз бірнеше мәселелерді қарастырдық. Олардың біріншісі қоғамдық кеңестерде, мәслихат отырыстарында талқыланды. Біз елорданың сол жағалауындағы әл-Фараби даңғылы 38 көшесін атау туралы шешім қабылдадық. Бұл көп жолақты көше - Тәуелсіздік даңғылының жалғасы. Болашақта ол үлкен даңғылдардың біріне айналады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордалық көшелердің бірін Асқар Забикулиннің есімімен атауды тапсырды. «Үркер» тұрғын алабындағы 583 көшесін қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші-құтқарушы Асқар Забикулиннің есімімен атауды ұсынамыз», деді елордалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп.
Барлық депутаттар бұл бастамаларды қолдады.
