Спорт
1 мин оқу 664

Данияр Елеусінов әлем чемпионы атағынан айырылды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Халықаралық бокс ұйымының нұсқасы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы атағынан айырылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Sports.kz нақтылағандай, 27 желтоқсандағы жағдай бойынша Данияр Елеусінов IBO сайтындағы әлем чемпиондарының тізімінен көрінбей қалған.

Сонымен қатар BoxRec.com порталы жазғандай, жартылай орта дивизиондағы чемпиондық белбеу бос деп саналады.

Данияр Елеусінов өзінің соңғы жекпе-жегін өткен жылдың 18 желтоқсанында Астанада өткізді, онда ол аргентиналық Хуан Эрнан Леалды (15-3, 4 КО) жеңген еді.

Бөлісу:
Данияр Елеусінов әлем чемпионы атағынан айырылды · Egemen Qazaqstan