Әлем
1 мин оқу 370

Қытайда 200 көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды

<p style="text-align: justify;">Қытайда тұман салдарынан 200 көліктің қатысуымен жол апаты болды. Оған 11 өрт сөндіру көлігі мен 66 құтқару қызметкерлері жұмылдырылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Қытайдың орталық Хэнань провинциясы Чжэнчжоу қаласында қою тұман салдарынан 200-ден астам көлік соқтығысты, бір адам қаза тапты.

Оқиға сәрсенбі күні таңғы сағат 7:40-та (Астана уақыты бойынша 5:40) екі жақты көлік көпірінде болған. Жолдың нашар көрінуіне байланысты көптеген көліктер бір-біріне соқтығысты.

Құтқарушылардың бірі апатқа 200-ден астам көлік қатысқанын айтты.

Бөлісу:
Қытайда 200 көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды · Egemen Qazaqstan