Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына Артур Ластаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Сенат депутаттары Артур Ластаевтың кандидатурасын қолдады.
Артур Ластаев 1983 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген.
2006 жылы Алматы қаласы прокуратурасының Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі болған.
Сондай-ақ ол әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің бөлім бастығы болды.

Артур Ластаев Бас прокуратураның өкілі – БҰҰ бөлімшесі және Женевадағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты өкілдігінің кеңесшісі қызметтерін атқарады.
2018 жылдан 2022 жылға дейін Еуропадағы Бас прокуратураның өкілі – Қазақстанның Швейцариядағы елшілігінің кеңесшісі болды.
2022 жылдан бастап Бас прокуратураның халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы болған.
Айта кетсек, бүгін 2022 жылғы 29 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Парламенті Сенатының отырысына қатысты.

